Қазақша Русский English

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Сіздерді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығына арналған «МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ МЕН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БІЛІМДЕ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМДА» атты VIIІ Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясының жұмысына қатысуға шақырамыз

3 - 4 қазан 2018 ж., ҚАЗАҚСТАН, Алматы

Конференцияға ҚР Білім және ғылым министрлігі өкiлдерi, жетекшi отандық және шетелдiк ғалымдар, университеттер, академиялық мекемелер өкiлдері және білім беруде АКТ қолдану саласындағы жаңашыл педагогтар қатысады.

Конференция өтетін орыны мен уақыты

Конференция Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика институтының ғимаратында Алматы қаласы, Төле-би көшесі, 86, мекен жайында өткізіледі.

Конференцияның ашылуы – 3 қазан 2018 ж., сағат 10.00

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын